Жанама ауылындағы №54 сайлау учаскесінде облыстық «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жүлдегері Шугаевтар әулеті ерекше ұйымшылдықпен келіп, өз таңдауын жасады.

Бір шаңырақтан тараған үлкен әулеттен 70 адам сайлау учаскесіне бірге келіп, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Ең әсерлісі – олар бұл маңызды сәтке кішкентай немере мен шөберелерін де ерте келіпті. Бұл – ұрпаққа елдік құндылықты, азаматтық жауапкершілікті үлгі етіп көрсетуінің айқын белгісі.

«Мерейлі отбасы» атанған Шугаевтар әулеті тек отбасы бірлігімен ғана емес, қоғамдағы белсенділігімен де танылып келеді. Бірнеше буын өкілдерінің бірдей келіп дауыс беруі – ұрпақ сабақтастығы мен елге деген құрметтің көрінісі болды.

Осылайша, Жанама ауылында әулеттің кішісі мен үлкені қатар келіп, ел болашағына қатысты маңызды таңдауда өз үлестерін қосты.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *