Бүгін Көксу ауданы, Теректі ауылындағы №245 сайлау учаскесінде нағыз мерекелік ахуал орнады! Еліміздің болашағы шешілетін маңызды сәтте Әзірбайжан этномәдени орталығының 20-дан астам өкілі ұлттық киімдерін киіп, бір кісідей келіп өз таңдауларын жасады.
Жарқыраған ұлттық нақыштар, көтеріңкі көңіл-күй және мызғымас бірлік мұның бәрі бүгінгі референдумның ажарын аша түсті.
«Біз үшін ұлттық киім бұл мақтаныш пен құрметтің белгісі. Ал бізді біріктіретін ортақ құндылығымыз сүйікті Отанымыз Қазақстан!» — дейді ауыл тұрғындары.
Түрлі мәдениет тоғысқан бұл сәт біздің еліміздегі татулық пен достықтың шынайы көрінісі. Көксулықтардың бұл белсенділігі мен бірлігі баршамызға үлгі!
Біздің күшіміз — әралуандығымызда және бірлігімізде!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *