Бүгін еліміз үшін тарихи маңызды сәтте Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева республикалық референдумға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Дауыс беру учаскесіне келген облыстық мәслихат төрағасы бұл саяси науқанның мемлекетіміздің болашақ даму бағытын айқындаудағы рөліне тоқталды.
Гүлнар Тойлыбаева өз сөзінде:
«Референдум — бұл ел болашағына қатысты ең маңызды шешімдер халықтың тікелей қатысуымен қабылданатын кезең. Әр азаматтың бүгін жасаған таңдауы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен демократиялық дамуына қосқан үлесі. Мұндай сәтте белсенділік таныту әрбір отандасымыздың жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымының айқын көрінісі», — деп атап өтті.
Бүгінгі референдумда қабылданатын шешімдер халықтың бірлігін нығайтып, ел игілігі мен жарқын болашаққа қызмет ететініне сеніміміз мол. Әрбір дауыс ертеңгі күнге деген нық қадам!