Талдықорған қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Құқығың өз қолыңда!» тақырыбында ашық микрофон шарасы ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметті қалыптастыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін нығайту.
Іс-шара барысында қала тұрғындары ашық микрофон алаңында өз ой-пікірлерін білдіріп, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар тұрғындар құқықтық тақырыптар бойынша өзекті сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.
Шара аясында қатысушыларға құқықтық ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірілді.
Мұндай форматтағы іс-шаралар қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың белсенділігін арттыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған.