Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті,Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес дератизация физикалық, механикалық, химиялық тәсілдермен, уланған жемдерді орналастыру, тозаңдату, газдау әдістері арқылы жүргізіледі. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктеріне, мақсатты кеміргіштердің экологиясына және дератизациялық құралдардың қасиеттеріне байланысты айқындалады.

 Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 107-бабының 1-тармағына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмау мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебіненжүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар жүргізуге міндетті.

Көп қабатты үйлердің жертөле үй-жайларының дератизациялық іс-шараларын тұрғындар ПИК(пәтер иелерінің кооперативі), МИБ (мүлік иелерібірлестігі) арқылы өз қаражаты есебінен жүргізуі тиіс. Ал қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, тамақ өнеркәсібінде, көтерме және бөлшек сауда қоймаларында, базарларда және т.б. жеке кәсіпкерлер жүргізуі керек.

Жалпы пайдаланылатын аумақтарды (саябақтар, шағын бақ, алаңдар және т.б.) профилактикалық дезинсекциялау мен дератизациялауды облыстардың (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсетуге лицензиясы бар, сондай-ақ көрсетілетін қызмет объектісі орналасқан жері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық департаменті берген лицензиясы бар ұйымдармен жүргізіледі.

Бүгінгі таңда Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсету құқығына 5 лицензия және лицензияға 1 қосымша берген (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облысы бойынша филиалы, «Дезинфекция» ЖШС, «Көксу аудандық райдезстанциясы» ЖШС, «Фармия» ЖШС, «Ala comfort» ЖШС, «Талдықорған обаға қарсы станциясы» РММ).

Құрметті тұрғындар!

Кеміргіштермен өз бетінше күресудің жиілеп кеткен жағдайларына байланысты Сізден дератизацияны өз бетіңізше ЖҮРГІЗБЕУІҢІЗДІ сұраймыз!

Тұрмыстық химиялық заттар мен у арнайы дағдыларсыз қолдану үлкен қауіп төндіреді:

Өмірге қауіп: балалардың, қарттардың және үй жануарларының кездейсоқ улану қаупі жоғары.

Төмен тиімділік:тұрмыстық өнімдер көбінесе кеміргіштерді қорқытады, оларды көршілеріне қоныс аударуға мәжбүр етеді және популяцияны жоймайды.

Нормаларды бұзу: жалпы пайдалану орындарын (жертөлелер, кіреберістер) өз бетінше өңдеуге тыйым салынады және тиімсіз.

Мәселені қауіпсіз және тиімді шешу үшін тек лицензияланған дезинфекциялық қызметтердің қызметтерін пайдаланыңыз.

Самат Ахметов,

Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *