Screenshot

Талдықорған қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Түнгі қауіпсіздік» тақырыбында кешенді түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, табысты өткізілді.

Аталған іс-шара түнгі мезгілде орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Рейд жұмыстарына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және «Taldykorgan jastary» ұйымының мамандары белсенді түрде атсалысты.

Рейд барысында тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтарға түнгі уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтау, заң талаптарын бұзбау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары бойынша нақты кеңестер берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар құқық бұзушылықтар анықталып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, ескерту сипатындағы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдын алу бағытындағы шаралар күшейтілді. Бұл өз кезегінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алуға және қала тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Жүргізілген түнгі рейдтік іс-шаралардың нәтижелері құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстардың маңыздылығын айқындай түсті. Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып, тұрғындар үшін қауіпсіз, тұрақты әрі тыныш орта қалыптастыруға өз үлесін қоса бермек.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *