
Өзімнің туып-өскен мекенім — Көксу ауданының Балпық би ауылы. Қазіргі уақытта Балпық би ауылдық округінің әкімдігіне кандидат ретінде «AMANAT» партиясының атынан түсіп жатырмын.
Егер аталған ауылдың әкімдігіне сайланып жатсам, көптеген мәселелерді шешемін деп уәде беремін. Солардың бірқатарын айтар болсам:
- Қауіпсіз жүріп-тұру үшін жолдарды күрделі жөндеу және жаңа жолдар салу;
- М.Сеңгірбаев атындағы саябақты демалыс аймақтарын қайта құра отырып, қайта жаңғырту;
- Ақшатоған ауылындағы саябақта жасыл аймақтарды жаңарту;
- Санитарлық жағдайларды жақсарту және үшін Балпық би ауылына кәріз жүйесін салу;
- Қауіпсіздікті арттыру мақсатында көшелердегі жарықтандыруларды жаңарту;
- Тұрғын үйлердегі шатырларды жөндеу арқылы жайлы өмірді қамтамасыз ету;
- Демалуға және қарым-қатынас жасауға арналған аула маңын абаттандыру;
- Халық арасындағы жұмыссыздықтарды азайту;
- Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қаматамасыз ету;
- Ауылдың электр желілерін және көше жарықтарын жаңарту;
- Округ тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттауды арттыру.
Аталған мәселелерді шеше отырып, тұрғындардың көңіл-күйін заманауи өмірді жақсарту әдістерін қолодансам деген жоспарым бар. Жоспар орындалуы үшін маған сіздердің сенімдеріңіз бен дауыстарыңыз қажет.
Сондықтан сайлау күні маған дауыс беріп, өз өмірлеріңізді жақсартуға ат салысыңыз!