Сайлау учаскелері ашыла салысымен Алакөл ауданында алғашқылардың бірі болып — Еңбекші ауылдық округіндегі №55 дауыс беру учаскесінде ауыл тұрғыны Балжан Меліс дауыс берді.
Жастарға үлгі көрсеткен Балжан саяси науқанның еліміз үшін өте маңызды екенін жеткізіп, барша аудан жастарын дауыс беруге шақырды.
Балжан Меліске алғашқылардың бірі болып дауыс бергені үшін арнайы сый-сияпат тарту етілді.