12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады.
Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп, таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады.
«Жасым 102-ге келді. Мен референдумда Президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергенмін. Бүгін міне тағы да келдім. Бүгінгі маңызды күнде дауысымыздың аса құнды, пікіріміздің алтыннан қымбат екендігін ұмытпасақ игі еді. Себебі халық мемлекеттің басты қозғаушы күші», – деп кейуана батасын берді.