Көрнекi ақпараттардың дұрыс еместігін немесе қате жазылғанын байқаған кез-келген азамат «E-otinish» сервисі арқылы өтініш немесе шағым бере алады.
Бүгінде деректемелер көрнекі ақпараттардың заңдылығы мен сауаттылығын қадағалау мақсатында Талдықорған қаласындағы жарнама агенттіктерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалуда. Сондай-ақ, оны түсіндіру мақсатында жадынамалар жасалып, БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жарияланады.
Бұл атқарылатын жұмыстар деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу талабы қазақ тіліндегі мәтіндердің сапалы жазылуына, орфографиялық қателерге жол бермеуге бағытталған.
Айта кетейік, бүгінде Талдықорғанда 220 кәсіпорынға тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 113 заңбұзушылық анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша мамандар тарапынан кәсіпкерлерге ескерту жасалып, заң нормалары түсіндірілді.
Алдағы уақытта мұндай тексерістер жалғасын таппақ. Оған Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасымен бірге халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі де атсалысатын болады.
Қазіргі уақытта бизнес өкілдері мен қарапайым халыққа ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.