Жетісу облысы мен Алматы қаласы бойынша «Қазводхоз» РМК филиалы өңірдің су шаруашылығы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда филиалдың балансында су қоймалары мен гидроузелдерден бастап бөгеттерге дейінгі 19 гидротехникалық нысан, сондай-ақ 4,5 мың шақырымнан астам магистральдық, тарату және дренаждық арналар бар.
Алты аудандық учаске арқылы филиал 180 мың гектардан астам суармалы жерлерге қызмет көрсетеді. Су тек су тұтынушылардың өтінімдері негізінде беріледі, вегетациялық кезең штаттық режимде өтуде.
Жағдай күнделікті бақылауда: су қоймаларынан келіп түсетін деректер жедел түрде «Қазводхоздың» орталық аппаратына жолданып, ТЖ органдарына және бассейндік инспекцияға беріледі. Негізгі су қоймаларының жұмыс тәртібі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен келісіліп, бекітілген.
Биылғы жылға жоспарланған су пайдалану көлемі 116 мың гектардан астам алқапқа шамамен 920 мың м³-ке жетті.
Бүгінгі таңда су ресурстарын басқаруды оңтайландыру мәселесі күн тәртібінде тұр: коммуналдық меншікте тұрған «Сарқанирригация» ГКПВХ-ның ирригациялық желілерін республикалық меншікке өткізу және кейіннен оларды «Қазводхоз» филиалының балансына бекіту мәселесі қарастырылуда.
Сонымен қатар, Жетісу өңірі үшін өзендердегі су деңгейінің тұрақсыздығы — яғни қар қоры мен мұздықтардың еру қарқынына байланысты өзгермелі жағдай — өзекті проблема болып қалып отыр. Осыған орай, жаңа су шаруашылығы нысандарын салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ирригациялық желілерді қалпына келтіру және жаңғырту шаралары жүзеге асырылуда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *