Талдықорған қаласының «Шығыс» шағын ауданында көптен бері тұрғындарды мазалаған жол мәселесі шешімін тауып келеді. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл аудан ішіндегі жолдарды жөндеу толық аяқталады.
Қазіргі таңда, аталмыш шағын ауданның 3,6 км болатын 5 көшеде орташа жөндеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, 10,5 км болатын 7 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары қызу қарқынмен атқарылуда. Бұған қоса, Салтанат көшесі мен Жансүгіровтен Айдарлы көшесіне дейін жаяу жүргінші жолы салынуда. Бұл жұмыстар тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.
«Көктем мен күзде балшықтан аяқ алып жүру қиын еді. Қала әкімінің уәдесі орындалып, жолымыз жасалып жатыр. Ризамыз!», — дейді тұрғын Сәбитов Сәкен.
Айта кетейік, былтыр басталған 10 шақырымнан асатын 7 көшедегі асфальттау жұмыстары да биыл аяқталады.