Жыл басынан бері облыста 165 заңсыз интернет-ресурс анықталып, бұғатталды. Сонымен қатар үш Instagram парақшасы мен бір WhatsApp чаты жойылды. Бұл ресурстардың жалпы қамту аудиториясы 132 мыңнан астам жазылушыны құраған.
Биыл ақпанда ел көлемінде кең ауқымды операция жүргізіліп, тұтыну кооперативі түрінде әрекет еткен ірі қаржы пирамидасы — «Asar Baspana»-ның қызметі тоқтатылды. Салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, сондай-ақ күнделікті сұранысқа ие тауарлар – биологиялық белсенді қоспалар, ас үй жабдықтары, косметика және т.б. сатып алуға қаражат салу ұсынылған. Пайда ретінде ай сайын салынған сомадан 30%-ға дейін табыс уәде етілген. Ең көп зардап шеккендер қатарында – мұғалімдер, үй шаруасындағы әйелдер және қандастар бар.
Осыған байланысты, күмәнді жобаларды өз бетінше тексеруге мүмкіндік беру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі «Байқа пирамида!» атты Telegram-ботын әзірлеп, сәтті іске қосылды. Бұл бот азаматтарға интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерден қаржы пирамидасын анықтауға көмектеседі. Ресурс ашық қолжетімділікте, халықтың хабардарлығы мен белсенділігін арттыруға бағытталған.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *