Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы Қазақстан Республикасында күрделі аса қауіпті жұқпалардың бірі. Жетісу облысы эндемиялық аймаққа жатпайды, дегенмен республика бойынша 4 облыс (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Шымкент қ.) Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан қолайсыз аймақтар болып табылады, жұқпаның табиғи ошақтары осында орналасқан. Аталған облыстарда сырқаттанушылық жыл сайын тіркелуде.

Республика көлемінде тұрғындар арасында 2024 жылы 24 жағдайда  КҚГҚ расталды және расталынған 11 (45,8%) жағдай Түркістан облысында, 9 (37,5%) жағдай Қызылорда облысында, 2 (8,3%) жағдай Жамбыл облысында және 1 (4,2%) жағдай Шымкент қаласында тіркелді. 24 науқастың 9-ын  (37,5%) кене шаққан, 13 — і  (54,2%) жануарлар күтімімен қатынаста болған, 2 — уі (8,3%) ауылшаруашылығы жануарларын сойған, бөлшектеген. Кенелер  — аурудың негізгі тасымалдаушысы.

«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – екі толқынды қызбамен, жалпы интоксикациямен, қарқынды қансыраумен,  өлім-жітімінің жоғарылығымен сипатталатын адамның жіті вирустық ауруы. Адам жұқпаны  ауру жұқтырған кенелер шаққанда, құрамында вирус бар ауру адамның қаны теріге түскенде, жүн қырқу және малды қолмен кенелерден тазарту кезінде жұқтырады. Науқастардың негізгі клиникалық сипаттамасы: қызуының көтерілуі, әлсізденуі, әртүрлі геморрагиялық бөртпелердің пайда болуы, мұрынынан қан кету, ине орнының көгеруі.Облыс бойынша адамдар және ауылшаруашылық малдары арасында Конго-Қырым  геморрагиялық  қызба жұқпасы тіркелген жоқ», — деп атап өтті Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев.

Облыста ауылшаруашылық кең дамығандықтан, республиканың барлық өңірлерінен малдарды алып келу жағдайлары тіркеліп отырады, сондықтан ауруды алдын алу мақсатында Жетісу  облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімі мамандарымен  көктем-күзде іс-сапарлар ұйымдастырылып, карантиндік жұқпалардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына жыл сайын жоспарлы кенелер жиналып, аса қауіпті жұқпалар зертханасында ИФА – әдісімен зерттеулер жүргізілуде.

«Жалпы, осындай іс-шаралардың жүргізілуіне қарамастан, әрбір азамат жеке бас қорғаныш шараларын сақтауы қажет. Атап айтсақ, жеке қауіпсіздікті сақтау мақсатында табиғатқа шыққанда, оның ішінде жайылымдарда болғанда, дала жұмыстарына қатысқанда, далада демалу кезінде қорғаныш киімдерін кию, киімді, шатырларды, ұйықтарда киетін қаптарды репелленттермен өңдеу, ауылшаруашылық малдарын күткенде жеке бас гигиенасы шараларын сақтау керек»,— дейді облыстың бас санитарлық дәрігері.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *