Жетісу облысында шомылуға арналған 3 ресми демалыс орны белгіленген. Олар Талдықорған қаласының қалалық жағажайы, Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауы. Аталған үш орыннан бөлек, басқа су айдындарында шомылуға тыйым салынған. 

Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар және еріктілермен бірлескен рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

2024 жылғы шомылу маусымында облыс су айдындарында адамдардың қаза болуына байланысты 5 оқиға тіркелді.

2025 жылғы шомылу маусымына дайындық шеңберінде тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *