Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы ақпараты бойынша аталмыш жобалар аясында 3400 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асатын жобалар аясында 20,6 миллион тонна кен өңделіп, 21 тонна Доре қорытпасы өндіріледі.

Саладағы айтарлықтай даму қарқыны Қазақстанның әлемдік қымбат металлдар нарығындағы орнын нығайта түсуге мүмкіндік береді. Алтын және басқа да бағалы металл бар ірі кен орындарын қамтитын бай шикізат базасының болуы республиканың алтын өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру мақсатында республиканың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Жалпы, соңғы он жылда елде кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту және кеңейту бағытында 19 жоба іске асырылды. Олардың жылдық кен өңдеу қуаты – 27,2 млн тонна, бұл шамамен 29,1 тонна Доре қорытпасын өндіруге мүмкіндік берсе, бұл жобалардың жалпы құны 420,3 миллиард теңгені құрайды. Салынған инвестиция көлемі шамамен 460 млрд теңге болып, 4400 жаңа жұмыс орны ашылды.

Іске асқан жобалардағы инвестициялардың басым бөлігі алтын өндіру фабрикаларын салуға бағытталған. Соның ішінде Ақмола облысындағы «Райгородок» кен орнында жылына 5 млн тонна кен өңдейтін кешен («RG Gold» және «RG Processing» ЖШС), сондай-ақ Абай облысындағы «Бақыршық» кен орнында жылына 2 млн тонна кен өңдейтін өндіріс («Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС) бар.

Жобалардың басым көпшілігі Ақмола және Қарағанды облыстарында шоғырланған. Ал инвестиция көлемі бойынша Павлодар (27,7%) және Ақмола (18,8%) облыстары алда келеді.

Қазақстандағы алтын өндіру саласындағы инвестициялық жобалар тұрақты дамып келеді және стратегиялық маңызға ие. Жоғары технологиялы өндірістердің өсуі, халықаралық әріптестік және мемлекеттік қолдау саланың әрі қарай дамуына және оны жаһандық нарыққа шығаруға берік негіз қалайды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *