Журналистер үйінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жүргізді.

Министр БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, өз пікірін білдірді. Сондай-ақ шақырылған зейнеткерлер өз ойларын айтып, сұрақтарына жауап алды. Негізгі сұрақтар денсаулық сақтау саласындағы мамандар тапшылығына қатысты болды. Ақмарал Әлназарова кадр тапшылығын шешу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Оның айтуынша, бүгінде елде 4 мыңнан астам дәрігер жетіспейді. Алайда соңғы үш жылда мамандар тапшылығы 21%-ға қысқарған. Президенттің тапсырмасы аясында биыл мамандарды әлеуметтік қолдау туралы заң қабылданды.

Бұл заң бойынша аудан орталықтары мен ауылдық жерлерге жіберілетін дәрігерлерге бір реттік төлемдер беріледі. Бұл бастама 19 сәуірде күшіне енді, ал Жетісу облысында 27 дәрігер осындай көмек алды.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен БАҚ арасындағы байланысты жақсарту, медициналық білім беру сапасын арттыру, дәрі-дәрмектердің қымбаттығы және медицина қызметкерлерінің төмен жалақысы мәселелері талқыланды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *