Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы №3 сайлау учаскесінде «ҚазСуШар» ұжымының отыздан аса қызметкері келіп, өз таңдауын жасады.

Өңірдегі маңызды саяси науқан кезінде кәсіпорын жұмысшылары өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, қоғамдық үдерістерге атсалысты. Жергілікті тұрғындардың бірлігі мен саналы қадамы елдің ертеңіне деген жанашырлықты айқын көрсетеді.

– Бүгінгі шара еліміздің болашағы үшін үлкен мәнге ие. Әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, мемлекеттің дамуына үлес қосуы тиіс. Біз әріптестерімізбен бірге келіп, дауыс бердік, – деді «ҚазСуШар» қызметкері Нұрлан Шоқпаров.

Қазіргі таңда Ақсу ауданы бойынша сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Азаматтардың белсенділігі өңірдегі әлеуметтік-экономикалық бағыттарды дамытуға тың серпін береді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *