Ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға орай тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, азаматтардың белсенділігін арттыру мақсатында «Халық дауысы» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мәдени шара барысында өнерпаздар көрермендерге әсем әндер мен күмбірлеген күйлер ұсынып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарламаға шығармашылық ұжымдар, өнерпаздар мен белсенді жастар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

«Халық дауысы» атауының өзі ел бірлігін, халықтың ортақ үнін және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын білдіреді. Музыкалық шығармалар мен сахналық қойылымдар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, Отанға деген құрмет, бірлік пен ынтымақ тақырыптары кеңінен насихатталды.

Шараға келген тұрғындар өнерпаздардың өнерін тамашалап, ерекше көңіл-күйге бөленді. Концерт барысында патриоттық әндер шырқалып, ұлттық өнердің құндылығы дәріптелді. Көрермендер де әншілерге қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күймен мәдени шараның өтуіне атсалысты.

Сайлау учаскесіне келген тұрғындар әсем ән мен күмбірлеген күй тыңдап, жақсы көңіл күймен тарқады.

Мұндай мәдени-көпшілік іс-шаралар тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді. Әсіресе халықты ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын мәдени бағдарламалардың маңызы зор.

Сарқан ауданы

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *