Талдықорған қаласында «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» әлеуметтік жобасының ресми таныстырылымы өтіп, көпфункционалды «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» орталығының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.

Жоба жастар, педагогтер, ата-аналар, волонтерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдарының күшін біріктіріп, есірткіге қарсы профилактиканы күшейтуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Бастамаға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар, жоғары сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Орталық жастар бастамаларын қолдайтын, қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастыратын және жауапкершілік, саналылық пен белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын насихаттайтын заманауи алаңға айналмақ.

«Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» жобасының негізгі мақсаты — жастар арасында нашақорлықтың алдын алудың кешенді жүйесін қалыптастыру, қауіпсіз қоғам құру, ата-аналар мен педагогтердің тәрбие жұмысына белсенді қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ интернет кеңістігінде есірткіні насихаттауға қарсы іс-қимылды күшейту.

Жоба аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, волонтерлік мәдениетті дамытуға, ақпараттық қауіпсіздік дағдыларын нығайтуға, қоғамдық белсенділікті көтеруге және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған білім беру, профилактикалық және әлеуметтік іс-шаралар жүзеге асырылады.

«Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» — жастардың дамуды, қауіпсіздікті және зиянды әдеттерден ада өмірді таңдауына жол ашатын жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *