Талдықорған қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Заң мен тәртіп: азаматтық қоғамның рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі мен жауапкершілігін жан-жақты талқылау болды.
Бүгінгі таңда құқықтық мемлекет құру жолында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – басты міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенім мен серіктестікті нығайту, тұрғындардың құқықтық белсенділігін арттыру, заң талаптарына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілік қағидаттарын орнықтыру аса маңызды. Іс-шара барысында осы өзекті мәселелер кеңінен қозғалып, қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар заң мен тәртіп қағидаттарының маңыздылығы, құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері, жастар арасындағы құқықтық мәдениетті арттыру жолдары, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірлескен іс-қимыл, азаматтардың жауапкершілігі мен белсенділігін күшейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты сақтаудағы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының және белсенді азаматтардың атқаратын рөлі кеңінен талқыланды.
Іс-шараға Жетісу облыстық полиция департаментінен арнайы спикер қатысып, құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жобалар мен жаңа бастамалар жөнінде мазмұнды ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық форматта пікір алмасты.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Жиын барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, жастардың құқықтық санасын қалыптастыру, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, алаяқтықтың алдын алу және қоғамдағы жауапкершілікті күшейту тақырыптары да сөз болды.