Джиу-джитсудан Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, екі дүркін Азия және әлем жеңімпаздары Самат және Санат Сәрсенұлы бүгін өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Белгілі спортшылар ел болашағы үшін әр азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті.
Егіз спортшы ата-аналарының сайлаудан қалмайтынын және осы отбасылық дәстүрді өздері жалғастырып, еліміздің жастарының өсіп-дамуына үлкен әсерін тигізетін саяси науқанға дауыстарын беріп, азаматтық борыштарын өтеуді парыздары санайтынын айтады.