Жаркент қаласының тұрғыны Айбек Тоқтан үшін бүгін тарихи әрі маңызды күн. Ол алғаш рет Конституциялық реформа аясындағы республикалық референдумда алғаш рет дауыс берді.
Тарихи күндегі таңдауында сайлау комиссия ұжымы Айбекті алғашқы азаматтық қадамын құттықтап,сый-сияпат табыстады.
Қуанышы мен қобалжығанын жасыра алмаған Айбек өзі сияқты алғаш рет дауыс берген құрдастарына бұндай сәт ерекше есте қалатынын атап өтті.

“Дауыс берген адамдарға бұрын қызығатынмын. Әр адам таңдау жасап, еліміздің саяси мәні зор оқиғалардан қалыс қалмауы ерекеше сәтғой. Мағанда осындай маңызды күннің келгені қуантады. Мен өзімді еліміздің дамуына үлес қосатын азамат сезіндім” деді ол.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *