Панфилов ауданының № 273 дауыс беру учаскесінде ұзын сонар кезек. Солардың қатарында Панфилов ауданының логистика саласының қызметкерлері ұжым болып дауыс беруде. Жылына 20 000 бірлік жүк автокөліктеріне тиеу жұмыстарын жүргізетін “Евротранзит” компаниясының 139 қызметкері “Атазаңымыз- біздің болашағымыз” деген ұранмен бір кісідей дауыс берді.

Ал, Орта Азиядағы ең ірі құрғақ порт саналатын “Khorgos Gateway” ЖШС Қытайдан Қазақстанға, Еуропалық Одақ елдеріне, Орталық Азияға, Парсы шығанағы мен Каспий аймағына және басқа да бағыттарға жөнелтілетін жүктерді өңдеу, сақтау және ауыстырып тиеу бойынша қызмет көрсетеді. Ұжымдағы 400-ден астам мамандар референдум аясында дауыс беруге кезекте тұр.
“Біздегі қызметкерлер ауысым бойынша жұмыс істейді. Бір ауысымда 50 қызмтекерлерден өзіміз кесте қойдық. Сол бойынша қызметкерлеріміз дауыс беруде. Бұл тарихи күнғой. Әрқайсымыз осындай маңызды шараға ат салысу біз үшін құрмет” дейді компания басшысы Ибрагим Манабаев

Ел тарихында 25 жылдан астам көлік-логистика саласында қызмет көрсететін “Кедентранссервис” компания ұжымындағы 430-дан астам дауыс беру құқығына ие азаматтар қауырт жұмысқа қарамастан ел ертеңі үшін таңдау жасау барлығымыздың  азаматтық борышымыз дейді.
Жылына 3,5 млн тоннаға дейін жүк өңдейтін логистикалық компания ұжымы осылайша таңдауларын жасауда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *