Жетісу облысында 2025 жылғы өрт қаупі жоғары маусымның қорытындылары шығарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Талдықорған авиациялық бөлімшесінің басшысы Мұрат Базарбеков мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, есептік кезеңде облыс аумағында 16 өрт тіркелген.
Талдықорған авиациялық бөлімшесінің негізгі міндеті — әуеден патрульдеу жүргізу, өрттің алғашқы белгілерін жедел анықтау және тиісті қызметтерді уақтылы хабардар ету. Бұл өрттерді бастапқы кезеңде сөндіруге шаралар қабылдауға және ықтимал залалды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Талдықорған авиациялық бөлімшесі қызмет көрсететін аумақтың жалпы ауданы орман қоры жерлерінің 290 мың гектарын құрайды. Оның құрамына жеті мемлекеттік коммуналдық мекеме — Алакөл, Борлытөбе, Қапал, Жаркент, Талдықорған, Үйгентас және Үштөбе орман шаруашылықтары, сондай-ақ «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі кіреді.
Авиациялық бөлімше жоғары өтімді екі автокөлікпен қамтамасыз етілген, бұл өрт шыққан жерге тәулік бойы жедел шығуға мүмкіндік береді.
Брифинг соңында Мұрат Базарбеков 2025 жылғы өрт қаупі жоғары маусымның 2024 жылмен салыстырғанда ауа райының құрғақ болуына байланысты анағұрлым күрделі өткенін атап өтті. Сонымен қатар авиация мен жерүсті күзетінің тиімді өзара іс-қимылының арқасында өрттердің басым бөлігі жедел оқшауланып, толықтай сөндірілген.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *