Көптеген үй шаруасындағы әйелдер жаз-күз маусымында әртүрлі көкөніс, жеміс, жидек, саңырауқұлақтарды герметикалық қақпақтармен жауып дайындайды. Егер консервілерді дайындау ережелері сақталмаса, өмірге қауіпті – ботулизм тудыруы мүмкін.

Ботулизм – бұл  орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен жүретін өлімге әкелуі мүмкін, бактерияның ботулинум токсинімен уланумен сипатталатын ауру.

Аурудың қоздырғышы оттегі жоқ жерде дамиды. Оның токсиндері – ең күшті табиғи у.

Ботулинум токсині адам ағзасына үй жағдайында дайындалған әртүрлі консервілерді (саңырауқұлақтар, көкөністер, балық консервілері және басқалары), тұзды балық, ет өнімдерін, ветчина, шұжықты тұтынған кезде енеді.

«Аурудың инкубациялық кезеңі токсиннің дозасына байланысты бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылуы мүмкін. Алғашқы белгілер-әлсіздік, ауыздың құрғауы, қалтыраңдап жүру, бас ауруы, көбінесе асқазан-ішек жолдарының бұзылуы. Содан кейін көз алдында тұман, қосарланған көру, мимикалық бұлшықеттердің салдануы, төменгі жақтың салбырап қалуы, қарлыққан дауыс, мұрыннан сөйлеу, афония, жұтынудың қиындауы және мүмкін еместігі пайда болады. Неврологиялық симптомдардан көрудің (зардап шеккендер көздің алдындағы «тұманға», «торға», заттардың екі еселенуі, оқудың қиындауына шағымданады) немесе тыныс алудың бұзылуы (ауа жетіспеушілігі, кеудедегі ауырлық, кейде кеудедегі ауырсыну, тыныс алу үстіртін болады) болуы мүмкін», — дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев.

Ботулизм несімен қауіпті? Ботулизм кезінде науқаста ауру белгілері тез дамып, жағдайдың күрт нашарлауы және науқас адамның қайтыс болуы мүмкін.

Сондықтан, үйде дайындалған консервілерді жеке адамдардан немесе әртүрлі сайттар арқылы сатып алмауға кеңес береміз.

Егер сіз консервіленген өнімдерді жақсы көретін болсаңыз, оны өзіңіз немесе сіз білетін адам дайындағаны жөн, онда сіз консервілеу процесін өзіңіз бақылай аласыз. Консервілеу өнімдерін шаң мен топырақтан ағынды сумен мұқият жуып, біраз уақытқа суға салып қою керек. Топырақ бөлшектерін жұмсақ щеткамен алып тастау керек. Бүлінген көкөністер мен жемістерді консервілеуге болмайды. Ұзақ қайнату – бұл тиімді профилактикалық шара. Консервілеуге арналған ыдысқа қойылатын талаптарда сондай яғни банкалар, қақпақтар міндетті түрде жуылады, буланады және кептіріледі, қақпақтар да қайнатылуы керек.

Ботулотоксин өнімнің сыртқы түрін, иісін және дәмін өзгертпейді, сондықтан оның ботулизммен ластанғанын немесе ластанбағанын өнімнің сыртқы түрінен анықтау мүмкін емес. Алайда, оның басқа белгілері болуы мүмкін, мысалы, банканың ісінген қақпағы, құрамындағы көпіршіктер немесе лайлану. Консервіленген банкаларды қолданар алдында тексеру керек және көрсетілген белгілер болған жағдайда бұл консервілерді тұтынудың қажеті жоқ.

Өзіңізге және жақындарыңызға мұқият болыңыз!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *