Талдықорған қаласындағы «City Plus» сауда-ойын-сауық орталығында «Заң және тәртіп» атты «Ашық есік күні» форматында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және тұрғындар үшін құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Іс-шараға облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысып, қала тұрғындарына тікелей кеңес беру мүмкіндігі ұсынылды. Қатысушылар әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, жер және еңбек қатынастары, кәсіпкерлік, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша ресми түсіндірмелер алды.

Кеңес беру барысында қолданыстағы заңдар, мемлекеттік қызмет көрсету шарттары мен мерзімдері, қажетті құжаттар тізбесі, өтініштерді қарау тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Қажет болған жағдайда азаматтарға нақты ұсынымдар мен іс-қимыл алгоритмдері берілді.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланыс пен өзара түсіністікті нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік басқаруға деген сенімді күшейтуге бағытталған.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *