Педикулезәлеуметтік маңыздылығы бар, кең таралған жұқпалы ауру. Педикулез немесе биттеу деп – адам денесінде биттердің арнайы паразиттік тіршілік етіп, оның қанымен қоректенуін айтамыз. Педикулез – ауру адаммен қатынаста болған жағдайда, әлеуметтік жағдайы жақсы, жеке бас тазалығына көңіл бөлетін адамдарда да пайда болуы мүмкін. Битті жұқтыру қарым-қатынас кезінде беріледі, яғни, бит бір адамнан екіншісіне: биттеген адаммен қарым-қатынас кезінде, ұжымда, балалар мекемесінде,  қарапайым жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда, яғни, киім-кешек пен төсек орындарын, тарақты ортақ пайдаланған жағдайда.

Педикулез анықталған кезде бүкіл отбасы тексеріліп, бастарын педикулезге қарсы препараттармен (шампунь, гель, аэрозоль – тек дәріханадан сатылған) нұсқаулыққа сәйкес өңдеу қажет. Аллергиядан сақтану және басқа қөтере алмайтын әсер болмау үшін алдымен дәрігерден кеңес алып, емделу керек. Төсек жабдықтарды және сырқаттанған адамның киімдерін басқа адамдардың киімінен бөлек, жоғары температурадағы ыстық сумен жуу және үтіктеу қажет. Балада бит табылса, ол жағдайды балабақшаның немесе мектептің медициналық қызметкеріне айту қажет, себебі балаңыз басқа балалардан  қайтадан зақымдалуы мүмкін.

Сырқаттанудың алдын алу үшін:

— балаларға жеке бас гигиенасын үйрету (сусабынмен бас жуу, жеке тарақ ұстау);

— селфи-суретке топтап түсу кезінде биттердің жүғатыны туралы балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

— балаларды бөтен тарақ, бас түйрегіш, шашқа тартатын құралдармен, бас киіммен қолдану дағдылардан бас тартуын үйрету;

— секция, бассейн, мектептегі сырт киім шешетін орындарда бас киімді, шарфты, киімдерді жеке пакетке салуды балаларға үйрету.

Индира Кунбасова,

Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *