Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ерекше форматтағы «Таза Қазақстан — біздің болашағымыз» атты акциясы өткізілді. Бұл шара тек қоқыс жинауға бағытталған дәстүрлі акциялардан ерекшеленді: ұйымдастырушылар қоғамға еңбегі сіңген көше тазалаушыларға жылы көңіл мен қолдау көрсетуге ерекше назар аударды.
Акция барысында ерікті жастар мен белсенді тұрғындар қаланың әр «Жастар» саябағынан бастау алып, «Жастар» спорт сарайы, Қаратал ықшам ауданы, № 6-7 шағын аумақтарында бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелерді, саябақтарды және алаңдарды жинастырып, айналаны көркейтуге үлес қосты. Оған барлығы 50 адам қатысты. Сонымен қатар, күн сайын таңертең ерте жұмысқа шыққан еңбек адамдарына ыстық шай беріліп, алғыс сөздер айтылды. Бұл қарапайым, бірақ маңызды қадам – еңбек иелерінің қоғамдағы рөлін дәріптеу, олардың еңбегін бағалау мен құрметтеудің нақты көрінісі болды.
Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция – тек тазалық сақтау шарасы емес, ол экологиялық мәдениетті көтеруге, тұрғындарды ортақ жауапкершілікке шақыруға бағытталған әлеуметтік бастама. Табиғатты қорғау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек, ал тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Әрбір жинаған қоқыс, әрбір тазаланған көшенің бөлімі қоғамның бірлігі мен өзара қолдауының көрінісі болып саналады.
«Таза Қазақстан – біздің болашағымыз» акциясы жастардың белсенділігін арттырып, тұрғындарды біріктіріп, табиғатқа жанашырлықты насихаттайтын жылы әрі ашық атмосферада өтті, акция барысында жастар тек қоқыс жинаумен шектелмей, адамдардың еңбегін бағалауды, бір-біріне қамқорлық көрсетуді, қоғамдағы әр адамның үлесін түсінуді үйренді» – деді, блогер Батырбек Байырханұлы. Мұндай тәжірибе жастарды қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікке шақырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады.
«TAZA ECO» студенттер клубының мүшелері өз ойларымен бөлісті: «Бұл акция бізге өз ортамызға жауапкершілікпен қарау керегін тағы бір рет көрсетті. Біз тек қоқыс жинап қана қоймай, қаладағы адамдардың еңбегін бағалап, оларға жылы лебіз білдірдік. Әрбір тазаланған көше, әрбір кішкентай қадам қоғамның тазалығын сақтау үшін маңызды. Бұл бізді табиғатқа жақынырақ болуға, өз әрекетімізді саналы етуге үйретті», – деді.