Жетісу облысының аумағында «eQonaq» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 27 989 шетелдік келіп тіркелген. Келушілердің негізгі бөлігін Өзбекстан азаматтары құраса, сондай-ақ Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония, Әзірбайжан, Беларусь, Моңғолия, Үндістан, Ұлыбритания және АҚШ азаматтары тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 43 пайызға жоғары.
«Құқық бұзушылықтарға қатысты, жыл басынан бері жалпы 5 638 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ең маңызды нәтижелердің бірі – сот шешімімен 339 шетелдік елден шығарылды, бұл былтырғыдан 6,5 есе артық. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 41,5 млн теңгеге жетіп, толықтай өндірілді», — деді Жетісу облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Райымбеков.
Құжаттандыру бағытында да оң динамика байқалды. 10 ай ішінде облыстың 91 214 тұрғыны жеке куәлік немесе төлқұжатпен құжаттандырылды. Ал тұрғылықты жері бойынша 28 168 азамат тіркеліп, 6 829 адам тіркеуден шығарылған.
Көші-қон қызметі облыстағы заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын әлі де жалғастырады

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *