Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою, отбасылар мен зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету мақсатында жүйелі ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту.
Іс-шара аясында облыс аумағында кең ауқымды ақпараттық-ағарту іс-шаралары өтеді. Мәселен, халықпен кездесулер, мобильді топтардың жұмысы, жедел желілер, дөңгелек үстелдер, ұйымдар мен оқу орындарындағы семинарлар. Зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмдерін түсіндіруді күшейту. Сондай-ақ, агрессорлармен жұмыс істеуге және қайталанған зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аударылатын болады.
Атап өтейік, биыл жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 175 қылмыстық іс тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,7 пайызға өсіп отыр.
Құқық бұзушыларға қатысты 2093 қорғау нұсқамасы шығарылып, олардың талаптарын бұзу бойынша ҚР әкімшілік кодексінің 461 бабымен 129 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарының ұсынысы бойынша сот органдарымен 423 тұлғаға қатысты ерекше талап орнатылды. Сотпен орнатылған ерекше талаптарын бұзғаны үшін 165 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Талдықорған қаласында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы да жұмыс істеп келеді. Ғимарат қажетті жиғаздармен толыққанды жабдықталған және барлық жағдай жасалынған. Әлеуметтік қызметті сапалы көрсету мақсатында, қосымша автокөлік құралдары қарастырылған. Әлеуметтік көмекке жүгінген қызмет алушылар орталықта 6 ай мерзімге дейін уақытша тұруға мүмкіндігі бар.
2025 жылы әлеуметтік көмекке 136 адам жүгінген. Мектеп жасындағы қызмет алушылар саны 49, мектепке дейінгі қызмет алушылар саны 51 адам.
Бүгінгі күні орталықта 26 тұлға (7 әйел 19 бала) әлеуметтік қызмет түрлерін алуда. Қызмет алушыларға барлық жағдай жасалынған.
Тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алу профилактикалық жұмыстар бойынша орталықта тәулік бойы қалалық телефон 1301 және ұялы телефон 8(7282) 28-00-05, 41-53-13 қосымша WhatsApp желісінің нөмірі арқылы 87007108266 жұмысын ілгері жүргізуде.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *