Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар алаңында кезекті аудан әкімдерімен өткен баспасөз маслихатында Ескелді ауданының 2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жарияланды.

Ауыл шаруашылығы саласында, 10 ай ішінде 45 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Биыл 53 мың гектардан астам жерге егін егіліп, дәнді және майлы дақылдардың барлығы толық жиналды. Қант қызылшасы 1922 гектарға себіліп, орташа өнімділігі 535 центнерді құрады. Бүгінге дейін Көксу қант зауытына 73 мың тонна тәтті түбір тапсырылды, жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Мал шаруашылығында 7,5 мың тонна ет, 16,5 мың тонна сүт өндірілді.

Ауданда жер мәселесі де белсенді түрде шешілуде. Соңғы үш жылда пайдаланылмай жатқан 30 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 21 мың гектары қайта айналымға енгізілді, қалған бөлігі кезең-кезеңімен конкурс арқылы ұсынылады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *