«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала жастары арасында ерекше форматтағы «ECO SANA»  интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру, табиғатты аялау идеясын насихаттау және экологиялық сауаттылықты дамыту болды.

          Интеллектуалды ойынға 3 адамнан құралған 11 команда қатысты. Қатысушылардың қатарында қала жастары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері болды. Бұл формат экологиялық тақырыпқа қызығушылық танытқан жас буынға өз білімін сынап, жаңа ақпараттармен бөлісуге мүмкіндік берді.

Ойын үш турдан тұрды:

  • 1-кезең – «Сұрақ-жауап»: Қатысушылар жалпы білімге негізделген жылдам сұрақтарға жауап берді.
  • 2-кезең – «Мен тап!»: Бұл бөлімде командалар жасырылған ұғымды немесе сөзді табу үшін логикалық ойлау мен тұжырым жасау дағдыларын қолданды.
  • 3-кезең – «Ойлан»: Қатысушыларға күрделі тапсырмалар ұсынылып, терең талдау мен шығармашылық шешім қабылдауы қажет болды.

          Сайыс барысында жастар жоғары белсенділік танытып, өздерінің терең білімімен, тапқырлығымен және командалық үйлесімділігімен ерекшеленді. Әр турда әділқазылардың бағалауымен үздік нәтиже көрсеткен топтар анықталып отырды. Ойында әділқазылар алқасы ретінде Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының майоры Мырзакулов Дастан Маликжанович және  «Jetisu jastary» КММ психолог маманы Сәния Қайратқызы қызмет атқарды.

Әділқазылардың бағалауы бойынша:

1-орын – Neuro Qazaq 3.0

2-орын – Жасыл болашақ

3-орын –  GreenMind

Нәтижесінде осы командалар жүлделі орындарға ие болып, арнайы марапаттармен және сыйлықтармен құрметтелді.

          Сонымен қатар, іс-шара аясында қатысушылар мен көрермендерге экологиялық мәдениет туралы ақпараттық буклеттер таратылып, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен суды үнемдеу жөнінде кеңестер берілді. «ECO SANA» ойыны – жастардың экологиялық ойлау қабілетін дамытып, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауға үндейтін маңызды шара болды. Бұл бастама экологиялық білім мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру арқылы «Таза Қазақстан» идеясын кеңінен насихаттауға өз үлесін қосты.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *