Screenshot

«Қоғамдық келісім» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Салауатты сана» жобасы аясында «Зиянды әдеттердің алдын алу – ортақ міндет» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналардың жауапкершілігін арттыра отырып, отбасы мен қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің (темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, интернетке тәуелділік және т.б.) алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылдың маңыздылығын түсіндіру болды.

Кездесуге Талдықорған қаласына қарасты барлық білім беру ұйымдарының ата-аналары, педагогтар, психологтар және қаладағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Шара барысында мамандар мен кеңес мүшелері жасөспірімдердің мінез-құлқына әсер ететін әлеуметтік және психологиялық факторлар туралы баяндап, ата-аналарға тәрбие мен бақылаудың өзара байланысы, отбасылық қарым-қатынастың маңыздылығы жайында кеңес берді.

Сонымен қатар, қатысушыларға зиянды әдеттердің салдары, интернет пен гаджеттерге тәуелділіктің алдын алу жолдары, балалармен тиімді коммуникация орнату тәсілдері туралы бейнематериалдар мен ақпараттық жадынамалар ұсынылды. Кездесу соңында Аналар кеңесінің өкілдері ата-аналарды балаларына үлгі болуға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге және салауатты ұлт қалыптастыру ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *