Screenshot

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрлық даму, инновация және жасанды интеллект салаларын елдің стратегиялық даму бағыты ретінде айқындап, осы бағыттағы кешенді міндеттерді белгіледі. Осыған орай «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жасанды интеллекттің ұлттық экономиканы, білім беру жүйесін және мемлекеттік басқаруды жаңғыртудағы рөлі талқыланды, сондай-ақ инновациялық экожүйені дамыту мәселелері сарапшылар деңгейінде қаралды.

Іс-шара барысында негізгі мәселелер ретінде жасанды интеллект және цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері, мемлекеттік басқаруда смарт-технологиялар мен деректерді тиімді пайдалану, білім мен ғылымды жасанды интеллект дәуіріне бейімдеу, Қазақстандағы инновациялық стартаптар мен IT-қауымдастықтың дамуы, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік пен этикалық стандарттар көтерілді.

Дөңгелек үстелдің арнайы спикері ретінде «Astana Hub» өңірлік хабының менеджері Маржан Мұлқыбаева қатысты, сондай-ақ жасанды интеллекттің түрлері мен оны қолдану жолдары туралы пікір алмасулар жүргізілді. Іс-шара барысында Президенттің жолдауы негізінде жасанды интеллект пен инновацияны дамыту бағыттары талқыланып, елдің цифрлық болашағын қалыптастыруға арналған маңызды ұсыныстар ұсынылды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *