Лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Сарқан қаласында колледж студенттері арасында «StudUnion» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — студенттердің зияткерлік әлеуетін арттыру, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, командалық бірлікті нығайтып, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Зияткерлік додаға 10 команда қатысты, әрқайсысында 5 студенттен құралған. Жалпы саны 50 қатысушы өзара білім мен ой-өріс бәсекесінде бақ сынасты. Ойын 5 кезеңнен тұрды: қатысушыларға тарих, мәдениет, құқық, логика және жалпы білім тақырыптарында түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылып, олардың жан-жақты дайындықтары мен тапқырлықтары сынға түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар мен ерекше көзге түскен белсенді қатысушылар арнайы марапаттарға ие болып, оларға танымдық кітаптар сыйға тартылды.

«StudUnion» — тек білім жарысы ғана емес, бұл – жастарды ой еңбегіне баулитын, мәдениет пен білімді дәріптейтін, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндейтін, болашағына саналы әрі жауапкершілікпен қарауға жол ашатын маңызды бастама.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *