Осы күндері Жетісу облысында қала күні мерекесіне арналған жүзуден ашық чемпионат өтуде.
Жарысқа Текелі қаласы мен Талдықорған қаласының спортшылары қатысуда. Талдықорған қаласын бұл сайыста Жетісу университетінің Орталық бассейні мен «Koktem Grand» командалары таныстырады.
Чемпионатқа жалпы саны 300-ге жуық жас спортшы қатысып, жүзудің әртүрлі қашықтықтарында өз шеберліктерін сынауда. Бұл дода жастар арасында спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және үздік жүзушілерді анықтауға бағытталған.
Жас спортшылардың айтуынша, мұндай жарыстар олардың тәжірибесін арттыруға және жаңа жетістіктерге жетуге үлкен мүмкіндік береді.
«Біз үшін бұл чемпионат ерекше маңызға ие. Жаңа қарсыластармен жарысып, өзімізді шыңдаймыз. Болашақта ірі додаларға жолдама алу үшін дәл осындай тәжірибелер қажет», – дейді жарыс қатысушыларының бірі.
Барлық қатысушы спортшыларға сәттілік тілейміз!