Жанып жатқан қоқыс – барлық жер бетіндегі халықтың және бүкіл елдегі өзекті мәселелердің бірі.

Саяжай және жер телімдерінің иелері қажетсіз қалдықтардан оларды өртеу арқылы құтылады. Шөп, өсімдік қалдықтарын және тұрмыстық қоқыстарды жағу нағыз экологиялық апатқа айналды. Өкінішке орай, біз оған сирек мән береміз.

Қоқыстарды жаппай жағу атмосфераның ластануына әкеледі, оны қуатты өнеркәсіптік шығарындылармен салыстыруға болады.

Бір тонна өсімдік қалдықтары жанған кезде ауаға шамамен 9 кг түтін микробөлшектері бөлінеді. Олардың құрамында шаң, азот оксидтері, көміртегі тотығы, ауыр металдар және бірқатар канцерогенді қосылыстар болады. Сондай-ақ, өсімдіктерді көбінесе пестицидтермен шашыратады, ал олар жанған кезде ауаға пестицидтер шығарылады.

Жапырақтарды өртеген кезде олармен бірге атмосфераның ластануын едәуір арттыратын көптеген түрлі қоқыстар да жанады. Мәселен, полиэтилен пакеті жанған кезде ауаға 70-ке дейін түрлі химиялық қосылыстар шығарылады, олардың көпшілігі адамдар үшін улы болып табылады. Пластикалық қоқыстың жануынан шыққан тығыз қара түтіннің құрамында канцерогенді полициклді көмірсутектер бар. Резеңке жанған кезде канцерогенді күйе мен күкірт оксиді пайда болады. Отқа көбінесе талшықты тақталар, бөлшектер тақтасы, фанера жағылады, бұл материалдардың құрамында формальдегид және формальдегид шайырлары болады, сонымен қатар олар құрамында қорғасын бар майлы бояумен боялуы мүмкін. Оттегісіз жанып тұрған оттардан бензапирен мен диоксиндер бөлінеді – олар ең улы заттардың бірі. Бұл заттар әсіресе бронхит, бронх демікпесі, ринит немесе тонзиллитпен ауыратындарға қауіпті.

Диоксиндер – жоғары уытты потенциалына байланысты ерекше алаңдаушылық тудырады. Адам ағзасына түскеннен кейін олар химиялық төзімділігі мен майлы тіндерге сіңу қабілетінің арқасында ұзақ уақыт сақталады, бұдан әрі олар сонда жиналады. Денедегі диоксиндердің жартылай ыдырау кезеңі 7-11 жыл деңгейінде деп бағаланады.

Көбінесе түтіннен қарт адамдар мен жүрек немесе өкпе аурулары бар адамдар көп зардап шегеді. Адамдардың әл-ауқаты нашарлайды, кейбір созылмалы аурулар өршиді, әсіресе астмамен ауыратын адамдарда байқалады.

Сондықтан қоқысты отқа тастамас бұрын, бұл Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қалай әсер ететінін ойлаңыз.

Сіздің денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда және сау болыңыз!

Самат Ахметов,

Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *