Салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда оның 25 пайызға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін-ақ атқарады.

Яғни, 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын «Робот» сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да немесе1414-тен SMS және push-хабарлама алады. Сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25 пайызын қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимде жүргізіледі.

Жүйе алгоритмі алдымен бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді. Бұдан кейін робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажеттігі туралы SMS хабарлама жөнелтеді. Мұнан соң айыппұл бойынша ерікті төлем болмаған жағдайда жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсынады. Төлем уақытылы жүргізілсе, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады.

Қабылданған іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады. Бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.

Игорь ЦОЙ
Жетісу облысының жеке сот орындаушысы

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *