Жетісу облысында маусым айында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде есірткіге қатысты 27 құқық бұзушылық анықталды, оның 16-сы қылмыстық іс санатына жатады. Заңсыз айналымнан 25 кг-дан астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді. Сонымен қатар, есірткіге байланысты 11 теріс қылық тіркеліп, бірқатар тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз айналымнан айтарлықтай көлемде есірткі заттары тәркіленді. Өсімдік тектес есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактілері бірнеше ауданда анықталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 90-нан астам есірткіге қатысты қылмыс тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім бар екенін көрсетеді.
Жедел шараларға 100-ден астам қызметкер, арнайы техникалар мен мобильді топтар жұмылдырылды. Облыс әкімдігінің қолдауымен әуеден бақылау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда кейбір аудандарда тәулік бойы жұмыс істейтін бақылау посттарын ашу жоспарланып отыр.
Киберкеңістікте жүргізілген мониторинг нәтижесінде мессенджерлер мен интернет желілерінде таралған есірткіге қатысты материалдар бұғатталып, заңсыз қызметпен байланысты банк шоттарының жұмысы тоқтатылды.
Жетісу облысы ПД мәліметінше, есірткі қылмыстарына қарсы күрес бағытындағы жедел және алдын алу шаралары жыл соңына дейін жалғасын табады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *