2025 жылдың соңғы 5 айында Жетісу облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азаматтардан 407 өтініш түсті. Оның 130-ы бойынша құқықтық көмек көрсетілсе, 213-іне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 16 тұтынушы сотқа талап арызбен жүгінген.

Ең көп шағымдар бөлшек және онлайн саудаға, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен тұрмыстық қызмет көрсету салаларына қатысты тіркелген. Интернет-платформалардың белсенді дамуына байланысты Kaspi, Wildberries, OZON және басқа да сервистерге байланысты шағымдар саны артты.

Сауда саласында 7 профилактикалық іс-шара мен бірнеше жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Негізгі құқықбұзушылық – әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтеру. Нәтижесінде 120-дан астам кәсіпкерлік субъектісі жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асты.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында жүргізілген тексерулердің барлығында заңбұзушылықтар анықталды. Соның нәтижесінде әкімшілік істер қозғалып, ескертулер мен айыппұл санкциялары тағайындалды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *