2025 жылдың басынан бері Жетісу облысында есірткі айналымына қатысты 75 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13-ке артық. Заңсыз айналымнан 54 келіден астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде синтетикалық түрі – 15 келіден астам. Сонымен қатар, 34 әкімшілік сипаттағы құқық бұзушылық анықталды. Наурыз айынан бастап есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді — бұл үшін айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Психобелсенді заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар 236 адам есепте тұр, оның 47-сі — 29 жасқа дейінгі жастар. Есірткі қылмыстарына қарсы күрес аясында қылмыстық топтар ұсталып, Алматы қаласының полициясы және ҰҚК-мен бірлескен операциялар жүргізілді. 1100-ден астам есірткіге қатысты сайттар мен 800-ге жуық көлеңкелі банк шоттары бұғатталды.

1 маусымнан бастап есірткі құрамындағы өсімдіктерді заңсыз өсіруді анықтау және жою мақсатында «Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Есірткіге қарсы күрестің кешенді жоспары аясында 600-ден астам алдын алу шаралары ұйымдастырылып, 43 мыңнан астам мектеп оқушылары мен студенттер қамтылды. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарға 23 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *