Газдандыру жұмыстары Текелі қаласында аяқталу сатысына жетті. Бүгінде 1000-нан астам үй табиғи газға қосылып үлгерген, ал алдағы бірнеше айда тағы 4 мыңнан аса абонент көгілдір отынға қол жеткізетін болады.

Жуырда Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жобаның жүзеге асырылу барысымен танысып, құрылыс нысандарын аралап шықты. Инспекция барысында мердігердің жұмысында бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды жоюға нақты тапсырмалар берілді. Бүгін облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен екінші рет тексеру жүргізіліп, бұған дейінгі ескертулердің жойылғаны қаралды.

2022 жылы басталған бұл газдандыру жобасы қала ішіндегі газ тарату желілерін салуды қамтиды. Қазіргі таңда жұмыстың 98 пайызы аяқталған. Барлығы 116 газ реттегіш пункті орнатылып, 182 жеке үйге газ жеткізілді. Жұмысты «Алия-Сервис» компаниясы атқаруда. Жоғары қысымдағы желілердің құрылысы толығымен аяқталған, ал орта және төмен қысымдағы жүйелер бойынша жұмыстар соңғы кезеңде тұр. 190 көпқабатты үйдің 180-інде ішкі жүйелер тартылған.

Қазіргі уақытта жүйелердің герметикалығы мен беріктігіне сынақтар жүргізілуде. Қалған 2,7 шақырым желіде қысым сынағы аяқталған соң, қайта тексеру өткізіліп, барлық нысандар ресми түрде қабылданады.

Құрылыс жұмыстарына 150-ден астам маман мен 30 техника бірлігі тартылған. Сонымен қатар, мердігер компания әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғын үйлер мен бастапқы жобада қарастырылмаған алты көпқабатты үйді газға тегін қосуды өз мойнына алды. Стандартты қосылу бағасы 100-110 мың теңгені құрайды, ал төлемді 10 ай ішінде пайызсыз бөліп төлеуге болады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *