2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында Талдықорған қаласында жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған белсенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Талдықорған қаласы Мансап орталығы филиалының директоры Азамат Балтабеков мәлімдеді.
Өткен жылы қалада 4 223 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 4 081 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 1 096 адам жіберілсе, жастар тәжірибесіне – 418 адам, алғашқы жұмыс орнына – 121 адам бағытталды.
Бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 30 грант бөлінді. 240 адам кәсіби оқытудан өтті. 29 адам жұмыспен қамтылды. Ал, биылғы жылға 18 адамға грант бөлінбек.
Қосымша алты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, электрондық еңбек шарттары толық тіркелді. Жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлікті қолдау шаралары жалғасуда.