Қазіргі уақытта елімізде және бүкіл әлемде ЖРВИ-нің маусымдық өсуі байқалады. Бүгінгі таңда вирустардың ең көп таралған түрлері – риновирус, респираторлық синцитиальды вирус, аденовирус, коронавирус, тұмау және парагрипп, метапневмовирус. Елімізде орын алып жатқан соңғы жағдайларға байланысты Жетісу облысында метапневмовирус тіркелген жоқ.
Атап өтсек, негізгі белгілері: температураның жоғарылауы, мұрынның ағуы, жөтел, бас ауруы, асқыну кезінде ентігу және тыныс алудың қиындауы қосылады.
Облыстағы барлық емханаларда күнделікті қабылдау сүзгілері жұмыс істейді. Көрсеткіштер бойынша 1 жасқа дейінгі балалар стационарларға жеткізіледі. Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда емханада бір жастан асқан балаларды педиатр дәрігер қабылдап, қажет болған жағдайда тиісті емдеуді тағайындайды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *