Биыл Кербұлақ ауданына 23 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. Кербұлақ ауданында 10 айының қорытындысы бойынша 3810 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Нәтижесінде 5565 адамды жұмыспен қамтылды.

Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 31 млрд 607 млн теңгені құрады. 2025 жылдың соңына дейін аймақтың 26 елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, биыл дәнді дақылдар 97776,4 га жерге егілді. Егіс алаңы әртараптандырылды және заманауи техника пайдалана отырып, 877 га жерге қант қызылшасы егілді.

2024 жылы Сарыөзек ауылында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы басталды. Су құбыры жүйесін 178,6 км ұзындықта салуға 4,5 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, Ақбастау, Тастыөзек, Қосақаш және Қазсу ауылдарына арналған сумен жабдықтау жобалары дайындалды. Осы жобалар 2025 жылғы республикалық бюджетке ұсынылды.


Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй алу үшін 1623 адам кезекте тұр. Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 60 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *