Елімізде қыркүйектен бастап тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Облыс бойынша маусымдық тұмауға қарсы екпені бүгінгі күнге 75 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы  басшысының  орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді.

Тұмау – әлемде кең таралған, вируспен шақырылатын жіті респираторлық вирустық инфекция. Жұқпаның алдын алудың ең тиімді шарасы – тұрғындарды иммундаумен қамту. Сондықтан да аурудың алдын алу үшін екпе алудың маңызы зор.

Айта кетейік,  Жетісу облысы бойынша 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусымының 40-43 апта аралығында ЖРВИ-дің  15 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде сырқаттанған 14 жасқа дейінгі балалар 66%. Ал зертханалық жолмен расталған тұмау жұқпаның 1 жағдайы ересектер арасында анықталды.

Мамандар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сырқаттанушылықты, асқынуларды және өлім-жітімді айтарлықтай азайтатын, халықты тұмаудан қорғайтын жалғыз және тиімді іс-шара ретінде вакцинациялауды ұсынады. Тұмауға қарсы екпе алу әлі де жалғасуда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *