Жетісу облысында 20 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Фермерлердің жетістігіне қарамастан, олардың жыл сайынғы өнімі қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты біршама келеңсіздік тудыруда. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға қолдау және ілгерілету үшін «KazakhExport» операторы арқылы қаржылық қолдау бағдарламаларымен қатар түрлі мемлекеттік жобалар жұмыс істейді. Осыған байланысты қазіргі уақытта фермерлердің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасы іске асуда.
«Әділдік және Өркендеу» қорының мамандары өңірдің аграрлық секторына талдау жасап, келесі шараларды ұсынды:
- Тұқым қорын жетілдіру және ауыл шаруашылығы жерлерінің сапасын жақсарту.
- Көкөніс, жеміс және бақша дақылдарын өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу.
- Облыстағы маусымдық көкөністер мен жемістердің стихиялық сауда орындарына талдау жүргізу және ұйымдастырылған маусымдық саудаға жағдай жасау.
- Белгілі бір жерде ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға жер учаскелерін бөлу.
- Мемлекеттік қолдау көрсетудің бірыңғай цифрлық жүйесін құру және фермерлерді бизнесті ашық жүргізуге, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің құқықтарын сақтауға ынталандыру.
- Суару каналдары мен су қоймалары сияқты су шаруашылығы объектілері үшін жобаларды әзірлеу кезінде құзыретті мамандарды тарту және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Ұсынылған шаралар аграрлық сектордың тұрақтылығын арттыруға және өңірде ауыл шаруашылығы бизнесін жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.