Жетісу облысында табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау және заңсыз аңшылықтың алдын алу мақсатында тікұшақпен рейд ұйымдастырылды, – деп хабарлайды kazalem.kz 7-su.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Іс-шараға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК Талдықорған авиабөлімінің қызметкерлері қатысты.
Әуе рейді барысында жабайы жануарларды қорғау, заңсыз аңшылықтың алдын алу және табиғат қорғау заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде заңсыз аң аулау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректері анықталған жоқ. Мамандар мұндай рейдтер жабайы табиғатты қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.