Жетісу облысында мәслихат депутаттарын сайлау 29 қараша күні таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-де аяқталады. Өңірдегі сайлау барысы туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутов мәлімдеді.
Оның айтуынша, сайлауды ұйымдастыруға 625 комиссия мен 3 719 комиссия мүшесі жұмылдырылған. Өңір бойынша дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жалпы саны – 442 056 адам.
Бұл саяси науқанда облыстағы 11 мәслихаттың 168 депутаты сайланады. Оның ішінде облыстық мәслихатқа 32 депутат (16-сы партиялық тізім бойынша, 16-сы бірмандаттық округтерден), қалалық мәслихаттарға 29 және аудандық мәслихаттарға 108 депутат сайланбақ.
Бір депутаттық мандатқа орта есеппен үш кандидаттан келеді. Жалпы, бес үміткер өз кандидатурасын кері қайтарып алған. Әр сайлаушыға үш бюллетень беріледі.
Тимур Даутовтың мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлау комиссияларына арыз-шағым түспеген. Дауыс беру үдерісі заң талаптарына сәйкес өтіп жатыр.